Қазақстанның мәдениет және өнер саласында еңбек етіп жүрген бір топ адамға мемлекеттік наградалар тапсырылды. Кейінгі жылдары елде түрлі атақ-дәрежеге қоса, ондай марапат алғандар да көбейіп келеді. Мұны "еңбекті лайықты бағалау" деушілер де, "совет үлгісімен кәмпит үлестіруге" ұқсататындар да бар.