Еуропа лидерлері Ресейге қарсы 17-санкция пакеті жарияланғанға дейін-ақ келесі қадам одан ауыр болатынын айтқан еді.
Соғысты тоқтату туралы келіссөздің ұзап кеткеніне АҚШ сенаторлары наразы. Олар «Трамп Путиннің ойыншығына айналды» деп сынады. Соғысты тоқтату, өзара келісім мен меморандум туралы әңгімелер жиі айтылғанмен екі тараптың бір-біріне шабуылы үдеп барады.
19 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесті. Телефон қоңырауларында не айтылды?
АҚШ президенті Трамп Украина басшысы Владимир Зеленский және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеспек. ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов келіссөз жайлы айтты. Ресей делегациясы Стамбұлдағы келіссөзде Украинадан төрт облысты беруді талап еткен.
Стамбұлда Ресей мен Украина арасында келіссөз өтті. Келіссөзде Ресей Украинаға талап қойған. Ал соғыста жараланған солдаттар, сол әскерилерді емдеп жүрген дәрігерлер қақтығыс тез аяқталса дейді. АҚШ тарабы Трамп пен Путин кездеспей келіссөз алға жылжымайды деп санайды.
15 мамырда Стамбұлда Украина мен Ресей соғысты аяқтау бойынша келіссөз өткізуі жоспарланғанымен, әлі басталмады. Анталияда НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері жиналды. Украинаның Сумы облысында шайқас жүріп жатыр.
15 мамырда Стамбұлда Украина мен Ресей тікелей келіссөз өткізеді деп жоспарланған. Бұл келіссөзге АҚШ делегациясы да бармақ. Зеленский Путинді Түркияға шақырған. Ресей президентінің баратын-бармайтыны белгісіз. Ал Ресей әскері Украинаның Покровск қаласын қиратып жатыр. Соғыстағы ахуал. 13-14 мамыр.
Кремль Украина президенті ұсынған 30 күн үзіліске жауап бермеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған соғысып жатқан екі елді 15 мамырда Стамбұлда болатын келіссөзге міндетті түрде келуге шақырды. АҚШ президенті Дональд Трамптың да бұл кездесуге баруы ықтимал.
Мәскеу мен Киев бірінші рет тікелей келіссөз жүргізбек. Мәміленің басы-қасында болатынын айтқан Украина президенті Владимир Зеленский Стамбұлға Ресей президенті Владимир Путиннің өзін де шақырды. Еуропа лидерлері Кремльді 30 күн үзіліс жариялауға үндеп, көнбесе санкциямен қысатынын ескертті.
Кремльді бақылап отырғандар үшін 9 мамырдағы парад елді ширек ғасыр басқарып отырған Владимир Путиннің пиғылы, жалпы Ресейдің саясаты, әсіресе Украинадағы соғыс жайлы саясаты қандай екенін сездіруі мүмкін.
8 мамырда Украина Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алды. Ал Ресей мерекені 9 мамырда әскери шерумен атап өтпек. Парадқа қатысуға Қытай басшысы барды. Кремль Орталық Азия елдері және өзге де елдердің президенттері салтанатты іс-шараның ішінде болады деп хабарлады.
Тағы